ЭССЕ на тему "Менің Қазақстанымда..."

(Бейнеуім – берекелі құтты мекен)

Қазақстан – ұлы дала елі
Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан – кең байтақ ел. Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман- тоғайлары бар, асу –асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар. Қазақстан әлемге әйгілі елім болса, елімнің ішіндегі кіндік қаным тамған, туған жерім – Бейнеуім. Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы.
Бейнеу – бағы мен дәулеті келіскен өлке. Тоғыз жолдың торабы. Пір Бекеттің тұрағы болған жер.Тас пен сайды қорған қылған мекен. Бейнеу десе, әуелі, «Бекет ата»жерасты мешіті еске түседі. 362 әулиенің бірі Бекеттің жатқан жері. «Бекет ата» басына жылда зиярат етіп келушілер қатары өсуде. Біреу аурудан айыққысы келеді, бірі перзент сүйгісі келеді. Ал, енді біреулер аман- тілектерінің орындалғанын қалайды. Үлкендер зиярат еткенде: «Алладан, сүйікті құлдары арқылы сұраймын»,-деп бастау керек дейді. Бейнеудің топырағынан шыққан батыр ұлдарымыз бен ақындарымыз екінші мақтаныштарым. Мәди Бегенов, Исатай Сүйеубаев, Жұмағали Қалдықараев, Біләл Қалиев т.б. Кеңес Одағының Батыры, Ленин орденін алғандар. Ер есімі – ел есінде. Бейнеуді ән-жырына қосып жырлаған, ұл – қыздары көп. «Әр қазақ менің жалғызым», - деген Сабыр Адайдың туған жері. Анаға деген сағынышын, мөлдір махаббатын жырына қосқан. «Сен келерсің бір күні» деп толғаған Анар Шамшадинованың дүниеге келген жері. Бейнеуден шыққан ақындардың қатарына Сәрсен Қадыр, Рахат Қосбармақов, Есенғали Раушанов, Айымхан Есет толықтырады.
Бейнеуімнің даласы қандай кең болса, халқының пейілі де сондай. Қазақстанда осндай жер бар. Бұл менің берекелі Бейнеуім.