ЭССЕ на тему "Менің Қазақстанымда..."

Маңғыстау деген – май бүйір серке, паң дала,
Талайлар кеткен таңдайын қағып таңдана,
Ақбөбектен арнасын алған сұлулық
Мақтаулы қала Ақтауға жатыр жалғана.

Бұл тарихи аймақ 1973 жылы облыс ретінде құрылған болатын. Маңғыстау облысы Қазақстанның батысында, Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан. Бұл аймақ тарихи орындарға, аңыз – мұраларға өте бай. Бекет ата мешіті Ең атақты ескерткіштердің бірі – Бекет ата мешіті – тауда ойып жасалған. Бекет ата мұсылман елінде көріпкел және әулие ретінде танымал. Ол адамдарды емдеген, өзіне келген әлсіздер мен жәбірленушілерге денсаулық пен күш сыйлаған. Дауларда екі жақты ортақ келісімге әкелердей даналық айтқан. Өз уағыздарында Бекет ата шыншыл болуды және жақсылық жасауға насихат еткен. Бекет ата қорымы тек қана Маңғыстаудың емес, сонымен қатар Қазақстанның да рухани, тарихи және архитектуралық ескерткіші болып табылады. Сұлтан епе (үпі) «Сұлтан епе жерасты мешіті, қорымы және сайы» Түпқараған ауданы, Таушық ауылынан 30 км солтүстік-батыс бағытта, Сарытас шығанағына таяу, сай жиегінде орналасқан. Маңғыстау жерінде сақталған аңыздар бойынша мұнда жергілікті және халық әулие санаған 360 сопы өмір сүрген және жерленген делінеді. Аңызға сенсек, ертеректе әкесі ұлдарын өзіне шақырыпты. Барлығы бірден әкесінің алдына келеді. Әкесі сүйікті ұлына ашуланады. Сонда Сұлтан епе өзінің сонау Каспийде сәтсіздікке ұшыраған балықшыларға көмек көрсеткенін айтып, арқасындағы арқан іздерін көрсетеді. Сол кезден бері ол әрқашан да теңіздегі қысылған жандарға көмекке келген екен. Сұлтан епе жартасы өзінің қайталанбас сұлулығымен таң қалдырады. Бұл өлкеміздегі байлықтардың бірі. Бұл жартас шөлдегі нағыз оазис: ағаштар, гүлдер, шөптерге толы, бұлақтар сылдырлап ағып жатыр, құстар ән салуда. Сұлтан үпі сайы мен құдығы да назар аударарлықтай. Жардан 6 метр жерден ойып салынған Сұлтан үпі құдығының таза, салқын және өте дәмді суы бар. «Сұлтан-үпі кешені» туристік саяхатшылардың болашақ бағыттары жобасына енгізілген, өлкедегі туризмді дамытуда маңызды элементтердің бірі. Сұлтан епе жерасты мешітінің ішкі көрінісі Шақпақ ата Ең көп таралған аңыздардың бірі - Шақпақ ата есімімен және жартасты мешіттерге байланысты. «Бірде Шақпақ ата бір ауыл жанынан өтіп бара жатып, күйеуі әйелін ұрып жатқанына еріксіз куәгер болады. Шақпақ ата сорлы әйелдің сөзін сөйлеп, құтқарып алады. Алғыс орнына әйел Шақпақ атаға еріп жүреді. Олар тоқтаған тіршіліксіз жерде жер астынан қайнар бұлақ көздері ашылып, жауын жауа бастаған екен». Содан бері адамдар сол жерге өз қайғы-қасіретіне ем табу үшін үмітіне ат артып келеді екен. Бұл киелі жерде болмаған және уақыт пен шексіздік белгісі бар тастарды өз қолымен ұстауды армандамаған жан жоқ десеңде болады. Шерқала Маңығыстау облылысының төсінде орналасқан тау түзілісі. Ақтау қаласынан 170 шақырым жердегі Шетпе кентіне жақын орналасқан. Шерқала Сырттай қараған адам оны әр нәрсеге ұқсатып жүр. Кейбіреулер төңкерулі кесеге ұқсатса, енді біреулер таудан кәдімгі киіз үйдің бейнесін көреді. Шерқала Қаратаудың орталық және батыс жоталарының ортасында орналасқан тау түзілісі. Әйгілі жібек жолының қызып жатқан кезінде талайларға көлеңке, пана болған деседі. Кейбір аңыздар бойынша, бұрынырақта Шерқаланың төбесінде кішкене қалашық болған. Осы жерде әйгілі суретші Тарас Шевченконың өзі келіп пленер жасапты. Поляк суретшісі Б. Залесский де осы жердің пейзажын қағазға түсірген. Жергілікті ақындар болса: "Шерқала таудың бөркі еді, Айрақты таудың көркі еді," - деп жырға қосқан. Тамшалы Тамшылы – Түпқараған ауданында орналасқан табиғи су көзі. Форт-Шевченко қаласынан солтүстікке қарай 35 км-дей жерде. Тамшалы – кәдімгі киіз үйге ұқсас дөңгелек кеуек үңгір. Айырмасы тек шаңырағы, уығының иінінен жоғарғы жағы жоқ. Кереге басы дерлік деңгейден кей жерінде тас қабырға шып-шып терлеп, кей жерлерінде себезгілеп, мұздай әрі мөлдір тамшы бүркіп тұрады. Үңгір табанында шағын көлшік пайда болған. Осыған орай Тамшалы аталып, ол ертеден төңірегіндегі елдің ауыз су көзіне айналған; ал көл арнасынан артылып аққан су бөгеліп, суармалы егіншілікке пайдаланылып келген. Тамшалының ерте заманнан елдімекен болғандығын сай бойында сыңсып өсіп тұрған тұт ағаштары айғақтайды. Соған қарағанда оған бағзы замандарда Ұлы Жібек жолының бір тармағы келіп жатқан секілді. Қыр басында ерте дәуір ескерткіштері (молалар) сақталған. Тамшалы – мәдени демалыс аймағы. Сай аяғында 20 ғасырдың 50-жылдарының бас кезінде таратылған балықшы ұжымшары үйлерінің қирандысы сақталған. Құрметті оқырман, Массагет порталы «Туған қалаңды таныстыр!» атты жаңа жобаны қолға алған болатын. Жоба аясында өздеріңіз тұратын қала туралы мақалалар жолдай аласыздар. Сіздерден өз өлкеңіздің ерекшеліктері, бай табиғаты, қызықты орындары мен тарихи орталықтары туралы сапалы жазбалар күтеміз. Жоба туралы толығырақ мына сілтемеден таныса аласыздар.
Өлкемізге сәті түсіп келіп қалсаңыз, мен жазған жерлерге барып көрсеңіз ондағы сұлулықты көріп таң қаласыз. Елімізде тарихи мәні бар археологиялық ескерткіштердің орны бір бөлек емес па?! Сол мұраларды атадан балаға сақтап, ұлт мақтанышы ретінде қастерлеуіміз қажет..