"Сам құмында туған ер – Тұмаш" - Маңғыстау облысы, Бейнеу

Сам құмында туған ер – Тұмаш
Маңғыстау деген ақ шағыл менен аппақ нұр,
Ар-иманмен ақ босағасын аттап кір.
Недеген менен тектіден туған тентектер,
Атаның салтын, ананың тілін сақтап тұр,
-деп Сабыр Адай өз жырына қосқандай маңғаз Маңғыстаудың әрбір өлкесі киелі. Соның бірі – Бейнеу. Бейнеу – тоғыз жолдың торабы. Сам құмының баурайы. Сам құмында талай алып дүниеге келген. Алыптардың бірі берекелі Бейнеуімнің бағына бұйырған, жұлдызын жандырған – Тұмаш Ауданбаев. Бірі білсе, бірі білмейтін Тұмаш Ауданбаев кім?
ХХ ғасырда дүниеге келіп, еркін күрестен «КСРО спорт шебері» атанған – Тұмаш Әбибұллаұлы Ауданбай. Сам кеңшарының директоры болып қызмет атқарды. Сам құмында жұбайы Нұрила екеуі балаларға арнап, білім ордасын ашуды көздеген. Тұмаш Ауданбаев бар күш – жігерін өз ауылының халқына арнаған болатын. 1982жылы Сам савхозына көгілдір газды тартырып, халықтың ықыласына бөленді. Сам савхозын көркейтіп, гүлдендірген тұлға. Өте ұлтжанды азамат. Оған мысал: 1980 жылдары Тұмаш Ауданбаев көлігімен Бейнеу вокзалының тұсынан өтіп бара жатса, шешен ұлтының жігіттері жергілікті халыққа орынсыз тиісіп, күш көрсетіп тұрғанын байқап қалады.Дереу көлігінен тоқтатып, әлгі әумесерлердің екеуін екі жаққа лақтырып жіберген екен, әлгілер жым болған. Ол өзінің қарапайымдылығымен, халық арасында үлкен мәртебе ие болған. Жетістіктері мен еңбектері Исламқажы Мырзабекұлының «Сам саңлақтары» кітабына арқау болса, болмыс – бітімі Рахмет Аяпбергенұлының өлеңіне негіз болған: ... Еркінсіп кең далада, елде өскенде,
Білмеймін Қажымұқанмен теңдескен бе?!
Қазақты мойындады Түрікмен елі,
Талайды еркін жыққан белдескенде.
Аспанға көтеретін «қазақ» атын,
Дастанға кейіпкер қып жазам атын.
Мына кең нұрлы өмірге бір туылған,
Тұмекең ел басқарған азаматым!
Тұмаш Ауданбаев аспандағы жарық жұлдыз. Кейбір жұлдыздар сөнген кезде, Тұмаш Ауданбаевтың жұлдызы ағып түсті. Жәй ғана ағып түскен жоқ; нұрын шашып, сәулесін төгіп түсті. Самның қызыл – сары топырағынан шыққан ер Тұмаштың ұрпақтары шашылған нұр мен төгілген сәуленің жалғастырушылары болуда...