ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ, ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ - Маңғыстау облысы, Адилханова Тилекши

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ , ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Адилханова Тилекши Жаңабайқызы

Ш.ЕСЕНОВ атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
ЭК – 15 – 1

Жылжымайтын мүлік нарығы мемлекеттік әлеуетін көтеру саласы. Жылжымайтын мүлік нарығының мәселері көп екендігі бәрімізге белгілі.Сол мәселелерге тоқталып өтсек.
1)Құрылысшылардың өзіндік қаражатының болмауы және несиелік ресурстарының жетіспеушілігі.
2)Құрылыс алаңының тапшылығы.
3)жер бөлудегі заңды және бюрократиялық бөгеттер.
4)құрылыс материалдарының жеткілісіздігі.
5)құрылыс маман қызметкерлерінің жетіспеушілігі.
«Ақылды қалалар» немесе SmartCity құру проблемасы қазіргі уақытта «жаңа урбанизм» жалпы тұжырымдамасында, сол сияқты қалалық ортада инновациялық технологияларды пайдалану практикасы тұрғысынан да айтарлықтай өзекті болып табылад.SmartCity ұғымы кеңінен алғандағы мағынасында қалалық тыныс- тіршілік жүйелерін экономикалық және экологиялық пайдалануды көздейтін инновациялық технологияларды қолдану есебінен қазіргі заманғы өмірдің сапасын қамтамасыз етуді білдіреді.
Қалалардың, қала аудандарының инфрақұрылымы мен объектілерін құру үшін инновациялық технологияларды пайдалану екі бағыт бойынша жүзеге асырылады.Біріншісі – бұл қазіргі бар қалаларды жаңғырту мысалы WaterfrontToronto (Канада), Cyberport (Сингапур), MultimediaSuperCorodor (Малайзия) халықаралық жобалары, сондай-ақ Берлин, Барселона, бразилиялық Куритиба сияқты қалалардың өзгеруі.Екіншісі – SmartCity құрудың өршіл мақсатты жобаларын артық немесе кем жетістікпен іске асыру үшін басынан бастау. Неғұрлым айқын мысал Біріккен Араб Әмірліктерінің Масдары болып табылады – бұл күн энергиясымен, басқа да жаңартылатын энергия көздерімен қамтамасыз етілетін және атмосфераға өте аз мөлшерде көмірқышқыл газын шығаратын орнықты экологиялық ортасы, сондай-ақ қала тыныс-тіршілігі әрекетінің қалдығын толық қайта өңдеу жүйесі бар әлемдегі алғашқы қала жобасы. Мұндай жобалардың қатарына жаңадан салынып жатқан Джазан (Сауд Аравиясы), PlanlT (Португалия), Лаваса (Үндістан), Сонгдо (Оңтүстік Корея), «Искандар Малайзия» және басқалары жатады.
Әлем мемлекеттері ішінде дамуы және халықтың өмір сүру деңгейлері бойынша алғашқы ондыққа кіретін, мемлекеттерде жүргізілген тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформаларын қарастыру арқылы бұл саланы дамытудың қолайлы және тиімді жолдарын анықтауға мүмкіндік бар. Жеке меншіктегі тұрғын үйлер, коммерциялық, немесе әлеуметтік жалдық, тұрғын үйлер, сондай- ақ мемлекеттік, яғни муниципалды, үйлер тәрізді тұрғын үй нарығының үш компоненті қалыптасқан жағдайда тұрғын үй қоры құрылымының тиімділігі жоғары болатындығын шетелдік тәжірибелер көрсетіп отыр.
Бағдарлама бойынша құрылыс алаңдарын іске қосу: «Қолжетімді баспана – 2020», «Өз үйім», «Нұрлы жол» және т. б.
Нарық инфрақұрылымының кеңеюі тұрғын үй құрылысының көлемі мен сапасына тікелей әсер етіп қана қоймай, тұрғындардың қолайлы жағдайда тұрмыс кешуіне себепші болады. Сондықтан тұрғын үй нарығын дамыту бағыттарын анықтау және ұтымды ұйымдастыру қоғам үшін аса маңызды. Тұрғын үй ерекше тауар, оның құны мен оған деген сұраныс пен ұсыныс арасында көптеген келеңсіздіктер соңғы кездері жиі кездесуде, мұны мемлекет тарапынан реттеу жағдайларын қарастыру аса маңызды орынға ие болды және Қазақстанда Мемлекеттік Тұрғын Үй бағдарламалары қабылданып, іске асырылуда. Тұрғын үй нарығын дамытуға мемлекеттік, жергілікті органдар, банктік қаржы ұйымдары, ірі кәсіпорындар және т.б. мекемелер өз үлестерін қосуда, ал олардың қызметінің нарықта ұтымды жүргізілуі экономикалық дамуға оң әсер береді және экономиканың басқа да салаларына өз ықпалын тигізді.